Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 365.49
EUR 420.35
RUB 5.60
CNY 52.66

Қазақстандық боксшы АҚШ-та кезекті кездесуін өткізеді

2018 жылдың 23 мамыр 2018 09:40 838

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (9-0, 5 КО) 4 тамыз күні Атлантик Ситиде (АҚШ, Нью-Джерси) кезекті кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жеңіліп көрмеген боксшының бірінші орта салмақтағы кездесуі сегіз раунд форматында өтеді. Оның қарсыласы әзірге анықталған жоқ.

Еске сала кетейік, Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы ресейлік Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) пен колумбиялық Элейдер Альварес (23-0, 11 КО) жекпе-жегі болмақ.

Айта кетейік, Эгис Климас Мадияр Әшкеевтен (9-0, 5 КО) басқа, Қанат Ислам (25-0, 20 КО),  Мейірім Нұрсұлтанов (6-0, 5 КО), Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО) және Асхат Уәлихановтардың (2-1, 2 КО) да промоутері. 

 

 

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай