Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Қазақстандық боксшы 35 рет жеңіске жеткен қарсыласынан басым түсті

2019 жылдың 14 шілде 2019 12:07 240

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (12-1, 5 КО) Геннадий Головкиннің промоутерлік компаниясынан кетіп қалғаннан кейін өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Филиппиндік Рики Сисмундоға (35-13-3, 17 КО) қарсы айқас Мәдиев үшін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясындағы бірінші жекпе-жегі болды.

Айта кетейік, бұл промоутерлік компанияның басты жұлдызы Сауль Альварес саналады. АҚШ-тың Карсон қаласында (Невада штаты) өткен бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі кездесу сегіз раундқа созылуы тиіс еді. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шешімімен Мәдиевтің жеңісімен аяқталды.

Руслан кәсіпқой рингтегі 13-жеңісіне қол жеткізді. Осылайша, ол қыркүйекте мексикалық Пабло Сесар Канодан (32-7-1, 22 КО) спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісінің «есесін қайырды».

Сисмундо кәсіпқой алаңда 14-рет жеңіліске ұшырады.

Басты сөздер: Бокс, Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай