Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Қазақстандық биатлоншы Дарья Буйчик Словениядағы Sport Camp-те үшінші орын алды

2019 жылдың 16 желтоқсан 2019 18:30

ПОКЛЮКА. ҚазАқпарат - Поклюкада (Словения) IBU Халықаралық Биатлоншылар одағының қамқорлығымен Sport Camp өтті.

Шараға Қазақстан атынан Самсон Михайлов, Дарья Буйчик пен Самсонның жеке бапкері Руслан Шевченко қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақылауды бастау нәтижелері бойынша қыздар арасында Дарья үшінші келсе, Самсон үздік ондыққа енді.

Халықаралық Sport Camp Спорттық лагерьі әртүрлі елдердің спортшылары мен бапкерлер салауатты бәсекелестік жағдайында ОЖҚ (оқу-жаттықтыру құрмалары) аясында тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылды. Шараға қатысушы елдер саны – 17. Әр елден екі адамнан (ер және әйел адамдар) және бапкер келді. Күн сайын Sport Camp аясында екі жаттығудан өткізіліп тұрды. Балаларды IBU өкілінің жетекшілігімен Германия мен Словениядан келген тәлімгерлер жаттықтырса, ал бапкерлер тренингтер өткізді. Күннің соңында бапкерлер мен спортшыларға арналған бірлескен семинар өткізілді.

Сегізінші желтоқсанда спринтер өтті, жігіттер 2 км-ден үш айналымды айып добынсыз өткізді, бірақ қосымша секундтармен өтті (әр айып 18 секунд). Қазақстандық спортшылар қаруларымен жүгірген жоқ, сондықтан олар соған бейімделуге мәжбүр болды. Самсон да, Дарья да әр оқ ату шебінде екі реттен жіберіп алды, сондықтан қыздар арасында Дарья үшінші, ал ұлдар арасында Самсон оныншы болды.

Sport Camp-ке қатысудың мұндай тәжірибесі спортшыларға басқа елдердің ең мықты спортшыларымен күш сынасуға мүмкіндік және халықаралық жарыстарда өзіне деген сенімділікті дамытуға үлкен серпін береді.

Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай