Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Қазақстандық балуан Азияның қола жүлдегері болды

2020 жылдың 19 ақпан 2020 05:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Мансұр Шадукаев аса ауыр салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Мансұр қола жүлде үшін өткен кездесуде жапониялық Арата Соноданы 9:1 есебімен жеңіп, құрлықтағы үздік үш балуан қатарына енді.

Айта кетелік, бүгін Мансұрдан бөлек тағы үш балуанымыз Азия чемпионатында жүлде алды. Қорлан Жақанша (55 келі) мен Азамат Күстібаев (87 келі) қола медаль иеленсе, 77 келідегі Тамерлан Шадукаев Азия біріншілігінде топ жарды.


Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920