Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қазақстандық әуе компанияларын тексеру қашан аяқталады

2020 жылдың 18 ақпан 2020 18:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде азаматтық авиацияның 2020 жылға арналған міндеттері сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірінші жартыжылдықта тұрақты жолаушы тасымалымен айналысатын барлық авиакомпанияларды тексеру аяқталады. Жаңа реттеу моделіне сәйкес қауіпсіздікті арттыру жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ, «Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ-ын білікті мамандармен толықтыру аяқталады және инспекторлар қажетті оқытудан өтеді. Осы жылы АҚШ-қа ұшу үшін FAA (АҚШ азаматтық авиациясының федералды басқармасы) аудитінен өтуіміз керек», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев.

Жалпы алғанда, азаматтық авиация саласында негізгі көрсеткіштердің динамикасы тұрақты өсім көрсетуде. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 8,6 млн жолаушы тасымалданған. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% көп.

ҚР әуежайларында қызмет көрсетілген жолаушылар саны - 17,7 млн.


Жоғары қарай