Ауа райы
Нұр-Сұлтан 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 378.56
EUR 424.44
RUB 5.91
CNY 56.36

Қазақстандық 9 жасар әнші ресейлік жұлдыздарды таңғалдырды

2019 жылдың 16 наурыз 2019 13:04 926

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресейлік «Голос. Дети 6» жобасына қатысқан алматылық тоғыз жасар Жан Маким қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленіп, Валерий Меладзенің тобына енді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жан аты аңызға айналған Стиви Уандердің «Sir Duke» шығармасын орындады. Оның өнер көрсеткен сәті жобаның You-Tube арнасындағы ресми парақшасында жарияланды.

Эфир барысында «жұлдызды» төрешілер өз таңданыстарын жасыра алмады. Әнші Пелагея «мен бұл әннің бір де бір нотасына түсе алмас едім» дегенді айтса, Светлана Лобода әндегі күрделі үйлесімділікті атап өтті. Ал Валерий Меладзе алғашқы секундтарда-ақ түймешекті басып, әншіге бұрылды. Кейін орнынан тұрып қошеметін білдірді.  

«Бұл қошеметтерді тоқтатуға тура келді, өйткені әлі ұзаққа жалғаса берер еді. Рахмет! Бұл керемет болды», - деді Меладзе Жан Маким өнерін аяқтағаннан кейін.

Жас әнші jazz және pop жанрларын, сондай-ақ Майкл Джексон мен Стив Уандерді тыңдағанды ұнататынын айтты.

«Голос.Дети» жобасы 2014 жылдан бері ресейлік арнада көрсетілетін  музыкалық шоу. Ол нидерландық The Voice Kids жобасының көшірмесі. Байқауға 7-14 жас аралығындағы барлық елдің балалары қатыса алады.

 

Авторы: Еламан Тұрысбеков

Басты сөздер: Ресей, Аймақ, Алматы, Өнер, Қоғам,
Жоғары қарай