Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазақстандағы жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісі жарияланды

2019 жылдың 14 қараша 2019 17:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа нұсқасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ҚР Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 2 қарашадағы № 953 бұйрығы жарияланды.

Қабылданған құжат мәліметтеріне қарағанда, жүргізуші куәлігінде елеулі өзгерістер орын алмаған, тек интегралдық чип (микросызба) беткі жағынан сыртқы жағына қарай ауыстырылған.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгісінде айтарлықтай өзгерістер болған.




Құжаттың беткі жағында көлік құралы туралы және оның иесі туралы мәліметтер жазылған. Ал куәліктің сыртқы жағында мәліметтерді енгізу үшін арнайы чип орнатылатын болады.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай