Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 367.06
EUR 416.17
RUB 5.56
CNY 52.84

Қазақстандағы коммуналдық қарыздар 23,8% төмендеді - Бақытжан Сағынтаев

2018 жылдың 16 тамыз 2018 19:08 647

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коммуналдық қызметтер бойынша ең үлкен қарыз Астана мен Алматы қалаларына тиесілі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың депутаттық сауалға жауабында  айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми жауапта көрсетілгендей, маусым айында коммуналдық кәсіпорындар алдындағы жалпы қарыз 11,7 млрд теңгені құрады, оның ішіндегі халық қарызы - 7,4 млрд теңге.

«Мұндай жағдайда Үкімет халықтың қарыз мәселесін шешу бойынша кешенді шара қабылдауы тиіс. Жаңа меншік иелеріне міндеттелмейтін пәтердің бұрынғы қожайындардың қарызы да қиындық туғызып отыр. Іс жүзінде мұндай қарыздарды қайтару өте қиын. Үлкен дебиторлық қарыздың болуы несиелік міндеттемелерді, жөндеу-әзірлеу жұмыстарын атқаруда ЖЭС үшін айтарлықтай мәселелер туғызуы мүмкін», - деді Премьер-Министрге Парламент Мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісов.

Бақытжан Сағынтаев қарыз көрсеткіштерінің өткен жылмен салыстырғанда 23,8% -ға немесе 3,6 млрд теңгеге төмендегенін атап өтті.

Оның айтуынша, заңға сәйкес, коммуналдық қызмет көрсетуші мен тұтынушы өзара келісімшарт жасасады. Келісімшартқа сәйкес, қарыз болған жағдайда тұтынушылар сот тәртібімен  жауапкершілікке тартылады. Азамат өзіне тиесілі мүліктің алдындағы өз міндеттемелері үшін жауап береді.

Сонымен бірге, әкімдіктер табиғи монополиялар субъектілерімен бірге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыларға үнемі хабар беріп отырады. Қажет болған жағдайда әкімдіктер коммуналдық қызмет көрсетушілердің ұсыныстарын ескере отырып, қарызды азайту бойынша шаралар алгоритмін әзірлейді.

«Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, ҚР қолданыстағы заңнамасында қарызды сот тәртібінде өндіріп алудың жеткілікті механизмі көрсетілген деп есептейміз», - делінген жауапта.

 

 

 

Жоғары қарай