Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қазақстандағы бала өлімі екі есеге азайды – Елжан Біртанов

2019 жылдың 5 қазан 2019 16:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Деснаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі балалардың тууы мен өлімі статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздегі бала өлімін азайту – мемлекеттің тұтас экономикалық-әлеуметтік даму деңгейіндегі маңызды көрсеткіш. Бұл туралы БҰҰ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сынды халықаралық ұйымдардың арнайы рейтингі бар. Қазақстандағы бала өлімі соңғы 7 жылда екі есеге азайды. Бұл Үкімет пен жергілікті атқару органдары атқарған жұмыстың нәтиже бергенін білдіреді. Күн сайын елімізде мыңға жуық бала дүниеге келеді. Бір жылда бұл көрсеткіш 380-400 мыңға жетеді», - деді министр ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, министр Атырау облысындағы атышулы нәресте өліміне қатысты пікір білдірді.

«Бұл – өте үлкен айыптау, мұны естігенде таңғалдық. Өркениетті қоғамда мұндай әрекетке жол берілмеуі тиіс. Бірақ, тағылған айып дәлелденуі қажет. Құқық қорғау органдары толыққанды әділ тергеу жүргізеді деп сенемін. Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігі ретінде жүйелі мәселелердің бар екенін түсінеміз және оларды шешу үшін тұрақты жұмыс істеп келеміз», - деді Е. Біртанов.

Айта кетейік, бүгін Елжан Біртанов Атырау облысындағы сәби өлімі туралы мәлімдеме жасады.

Еске сала кетсек, Атырау облысы перинатальды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.

Жоғары қарай