Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісі 3,5% артқан

2019 жылдың 14 тамыз 2019 19:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 1 473,3 млрд теңгені құраған.

Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,5 % көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап өткенде, есептік кезеңде мал шаруашылығы өнімдерін шығару көлемі 1 249,4 млрд теңгені (былтырғы жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 3,5% көп), өсімдік шаруашылығы – 207,9 млрд теңгені (+4,4%) құраған.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет көлемі 2.3 млрд теңге, аң шаруашылығындағы өнімдер (қызметтер) 0,6 млрд теңге, орман шаруашылығында – 7,7 млрд теңге, балық аулау және аквамәдениетте – 5,4 млрд теңгені құрады.


Автор: Асхат Ахметбеков

Жоғары қарай