Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазақстанда зымыран әскерлері мен артиллерия күні аталып өтілді

2019 жылдың 19 қараша 2019 18:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі зымыран әскерлері және артиллерия бүгін кәсіби мерекелерін атап өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Зымыран әскерлері және артиллерия - қазақстандық әскерде олар қарсыласты атыспен зақымдауда тапсырмалардың негізгі бөлімін орындайтын Құрлық әскерлерінің негізгі атыс күші болып табылады.

«Олар Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің құрамындағы жоғары ептілік пен дәлдікті талап ететін жеке әскер түрі. Әскер тактикалық зымырандардың құрамаларынан, гаубицалық, зеңбіректік, реактивті және танкіге қарсы қолданылатын артиллериядан, артилллериялық барлаудан, минаатқыш және танкіге қарсы бөлімшелерден тұрады.

Аталған бөлімдер мен бөлімшелер қажетті зымыран мен 82-ден 300 мм-ге дейінгі калибрлі артиллериялық жүйе түрлерімен қамтамасыз етілген», делінген хабарламада.

Мәселен, минаатқыштар, артиллериялық қондырғылары, тіркемелі құралдар, «Град», «Град-1», «Прима», «Ураган» және «Смерч» алып реактивті дүркіндетіп ату жүйелері, жоғарғы қуаты 240-миллиметрлік өздігінен жүретін «Тюльпан» минометтері бар. Зымырандар құрамында «Точка-У» жоғары дәлдікті кешендері, танкіге қарсы артиллерия – МТ-12 зеңбіректері және танкіге қарсы қолданатын «Штурм-С» зымыран кешендері бар. Барлық осы қару-жарақ кезкелген ұрыс түрлерінде жау оғының зақымдануынан қорғайтын негізгі және ең тиімді құралы болып табылады. Сондай-ақ, қазір атысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
















Зымыран әскерлері мен артиллерияның жеке құрамы қазақстандық және халықаралық оқу-жаттығуларға белсенді қатысып, жоғары деңгейде жауынгерлік, дене даярлықтары бар екенін көрсетуде. 2019 жылы әскери қызметшілер «Айбалта-2019» мен РФ ҚК зымыран бөлімшелерімен бірлескен тактикалық оқу-жаттығуы кезінде мол тәжірибе жинады.

Аталмыш әскерге, офицерлік кадрларды Құрлық әскерлері Әскери институты мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті дайындайды. Құрлық әскерлері Әскери институтының артиллерия кафедрасы жыл сайын 60-қа жуық артиллерист-офицерді оқытады. Қазақстандық курсанттар Санкт-Петербург қаласындағы Михайлов әскери артиллериялық академияда да білім алуда. Сонымен қатар, жыл сайын артиллерист-офицерлер қатарын Қарағанды және Алматы политехникалық университеттерінің әскери кафедралар түлектері толықтырады.

2020 оқу жылында зымыран әскерлері мен артиллерияның алдында жауынгерлік әзірлікті арттыру, жауынгерлік және жедел дайындықты жетілдіру бойынша жауапты міндеттер тұр.

Жоғары қарай