Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Қазақстанда жетімдер үйінің саны қысқарды

2019 жылдың 28 маусым 2019 17:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2016 жылдан бастап интернаттық ұйымдардағы жетімдер саны 31 пайызға азайды. Бұл туралы халықпен есеп беру кездесуінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикамыза 6 миллионға жуық бала бар. Оның ішінде 2 миллионы мектепке дейінгі жаста, 3 миллионнан астамы мектеп жасында, 500 мыңы 18 жасқа дейінгі оқудағы жастар. Солардың арасына 24 926-сы жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалғандар», - деді министр.

БҒМ мәліметіне қарағанда, 19 934 бала қамқорлыққа, патронаттық тәрбиеге алынған, сондай-ақ асырап алған отбасылардың тәрбиесіне берілген. 4 992 жеткіншек балалар үйінде, интернатта, денсауық сақтау жүйесіндегі балалар үйінде тұрып жатыр.

«Қабылданған шаралардың арқасында 2016 жылдан бастап интернаттық ұйымдарда жетімдер саны 31 пайызға (2016 жылы- 7 236, 2019 жылы- 4 992) азайды. Ал балалар үйлерінің саны 20 пайызға қысқарды. Яғни, 2016 жылы 140 болса, 2019 жылы 112-ге дейін төмендеді», - деді А. Аймағамбетов.

Жоғары қарай