Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Қазақстанда зертханалық диагностика медицинасының дамуы төмен - сарапшылар

2019 жылдың 20 сәуір 2019 01:11 724

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандағы зертханалық диагностика медицинасының сапасы сын көтермейді. Бұл туралы бүгін сарапшылар Халықаралық конгресс барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі конгресс бүкіл әлемнің зертхана медицинасының мамандарымен тәжірибе алмасып, серіктесуіне мүмкіндік беретін халықаралық платформа. Науқастың дұрыс ем алуы үшін диагностика өте маңызды екені белгілі. Осыған орай, зертханалық медицина денсаулық сақтау модернизациясына маңызды рөл атқарады. Біз өзгерістерді талап ететін заманда өмір сүреміз, соған байланысты сақтандырылған медицинаның дамуы және «Заттар ғаламторы» инфрақұрылымы зертханалық процестердің ғаламдық жетілуіне әкелді», - деді Қазақстан медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының президенті, АҚ «ҰМУ» ҚР ДСМ клиникалық диагностика зертханасының кафедра профессоры Мұстафа Рысұлы.
Германияның клиникалық биохимия және молекулалық генетика профессоры Игон Аман Германиядағы зертханалық диагностиканың жұмыс сапасы мен жетілу жолдарын айтып берді. Онда денсаулық сақтау саласына қарасты базаның сапасына жауап беретін арнайы лабораторлық қызмет атқарылады.
«Германияда жекеменшік зертханалардың көптігіне қарамастан, бұл салаға мемлекеттің қолдауы зор. Мемлекет жаңа технологиялық әдістерге үлкен инвестиция салады. Қазіргі таңда сіздерде қызметкерлердің мәселесі бар екендігін айтады. Әрине, бұған экономиканың да қатысы бар. Қазір зертханалық мамандардан қарағанда, автоматтандыру мен роботтандыур дамып кеткен. Осы тұрғыда, экономикалық жағы өте тиімді саналады», - деді Игон Аман.
Зертханалық медицина сарапшылардың айтуынша, қазір Қазақстанда ұлттық лабораториялық қызметтің жоқтығы көкейкесті проблемаға айналып отыр.
«Мойындау керек, клиникалық-диагностикалық зертханалардың төмен деңгейде жасақталуынан науқастардың көптігіне байланысты үлгермей жататыны рас. Отандық зертханалық медицина әлемдік ғылыми жетістіктерінен едәуір қалып отыр», - деді Мұстафа Рысұлы.

Жоғары қарай