Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Notice: Undefined offset: 1 in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/application/views/Lenta/article.php on line 13

Қазақстанда заңсыз айналымнан 3 мыңнан астам қару алынды

2019 жылдың 15 шілде 2019 04:21 188

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атыс қаруын пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды азайту мақсатында полиция қызметкерлері қару, оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шараларды жүргізуде, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Жалпы, Қазақстан бойынша 84 мақсатты жедел-профилактикалық іс-шара (41 «ҚАРУ» ЖПІШ және 45 «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ) өткізілді, оның барысында заңсыз айналымнан 3277 бірлік қару тәркіленді.

Оның ішінде ағымдағы жылдың сәуір айынан бері жүргізіліп жатқан қаруды қайтарусыз тапсыру акциялары шеңберінде азаматтардан 1973 бірлік атыс қаруы сатып алынды.

Жыл басынан бері атыс қаруының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар бойынша 844 қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция бөліністері арнайы іс-шаралар жүргізу кезінде
53 бірлік қысқа ұңғылы атыс қаруын, автомат, 12 ойық карабин, 157 тегіс ұңғылы қару, 60 шолақ мылтық, сондай-ақ оқ-дәрілер алды.

Мәселен, наурызда Полиция департаменттері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысында сот сарапшысын ұстады, оны тінту барысында 18 жарылғыш құрал, «ТОЗ» винтовкасы, 3 мыңнан артық патрон, 3 шолақ мылтық, 3 тапанша, сондай-ақ жарылғыш қондырғылар мен атыс қаруының 232 бөлшегі алынды.

Жасырын прокси серверлерді интернет желісінде, сондай-ақ криптовалютаны және «Kiwi» әмиянды пайдаланумен қару мен оқ-дәрілерді сатуды мониторингілеу кезінде полиция қызметкерлері қару мен оқ-дәрілер сататын 34 шетелдік интернет-ресурсты анықтады, олардың жартысы блокталды, басқалары бойынша жұмыс жалғасуда.

Аталған ресурстардың басым бөлігі «Вконтакте» әлеуметтік желісінде және хабарландырулар сайтында, жартысы жабық желілерде анықталды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай