Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 334.85
EUR 394.29
RUB 5.69
CNY 50.60

Қазақстанда үйсіз адамдар паналайтын 23 орталық құрылды

2017 жылдың 21 қараша 2017 17:40 712

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қысқы кезеңде үйсіз-күйсіз адамдарды қабылдайтын 23 бейімдеу орталығы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Азаматтық қорғау органдарының қысқы кезеңге әзірлігі туралы баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Қысқы кезеңге әзірлік бойынша бір айлық жұмыстар тұтас республика аумағында жүргізілді. Әсіресе, тұрғын үй секторында алдын алу шаралары ұйымдастырылып, инспекторлық құрам тұрмысы нашар халық тұратын аудандарды аралап шықты. Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар да назардан тыс қалмады. Олар үшін республика бойынша 23 бейімдеу пунктілері ашылды», - деп атап өтті Ю.Ильин.

Еске сала кетсек, «Қазгидромет» РМК синоптиктері биыл Қазақстанда қыстың ерте түсетінін және қарлы болатынын болжаған еді.

 

 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай