Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды: Індетке шалдыққандар саны 79 болды

2020 жылдың 25 наурыз 2020 09:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, Қазақстанда 25 наурыз 09:40-қа дейін коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам бар. Оның екеуі - Алматыда, бесеуі - елордада тіркелген.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 79 науқас тіркелді.
Жоғары қарай