Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 369.36
EUR 431.30
RUB 5.45
CNY 53.80

Қазақстанда сұранысқа ие көліктердің тізімі анықталды

2018 жылдың 16 тамыз 2018 18:37 865

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 7 айында Қазақстан аумағында 17 246 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы, арнайы машиналар бар. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 103,8 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобильдерді өндіру 85,9 пайызға өсіп, 16 139-ға жетті. Оның ішінде 10 172-сі «АЗИЯ АВТО» АҚ-ға, ал 5 967-сі «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ға тиесілі», - делінген таратылған мәліметте.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша автобус техникасын шығару 2,4 есеге қысқарса, жүк көліктерін өндіру былтырғы деңгейде сақталды.

Есепті кезеңде отандық автозауыттар өткізген көліктер 15 460-қа жетіп, бұл көрсеткіш былтырғы деңгейден 63,9 пайызға артық болды.

Белгілі болғандай, жергілікті өндірістің автокөліктерін сатып алуға ел тұрғындары 87,9 млрд теңге жұмсады. Бұл өз кезегінде бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 48,5 пайызға жоғары.

Қаңтар-шілдеде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (6 905 көлік), Hyundai (3 907), KIA (1 441), JAC (774) және Ravon (552) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде Chevrolet (542), Skoda (319), Peugeot (122), SsangYong (10 ) бар екенін атап өткен жөн.

Бұдан бөлек, жергілікті өндірістегі жеңіл көліктер сатылымының рейтингінде Lada брендінің  модельдері бірінші орынға шықты. Осы орайда Lada Granta (2 073), Lada 4x4 (1 745) және Lada Vesta (1 319) модельдері көп сатылған.

Сонымен қатар, қазақстандықтар арасында танымал модельдер тізімін Hyundai Tucson (1 281 көлік), Lada Largus (1 015), Hyundai Accent (972), Hyundai Elantra (832), Hyundai Creta (714), KIA Sportage (650) және Ravon Nexia (552) толықтырды.

Аталған мерзімде 2 451автомобильді жеңілдікті автонесиелеу мембағдарламасының қатысушылары сатып алды.

 

 

Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Өнеркәсіп, Көлік,
Жоғары қарай