Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда Ресеймен бірлескен кооперация бағдарламасы аясында бірқатар жоба жүзеге асырылады

2019 жылдың 3 сәуір 2019 22:37

НҰР-АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары барысында тараптар бірқатар маңызды құжатқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, ресейлік-қазақстандық кооперация аясында бірлескен іс-қимыл жоспары, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау жөніндегі келісім, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасында өндірістік және ғылыми-техникалық кооперация кәсіпорны саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты жоспар рәсімделді.

Қазақстандық журналистерге сұхбат берген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың айтуынша, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасында қол қойылған өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың бірлескен іс-қимыл жоспары негізінен машина жасау саласына қатысты.

«Машина жасау өнімдерін және елдеріміздің аумағында шығарылатын өнімдерді оқшаулау бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажет екендігін түсінеміз. Ол кәсіпорындарымыз үшін дербес құзыреттілік пайда болуы тұрғысынан маңызды және өзге де салаларға таралатын болады. Сондықтан ресейлік серіктеспен және жартылай біздің елдің команиясымен бірге «КамАЗ», «Кировец» үлкен тракторын шығаратын Петербор трактор зауыты сынды кәсіпорындарға бөлшектер жеткізу туралы шешім қабылданды»,- деді министр.

Оның атап өтуінше, бүгін қол қойылған жол картасы ашық сипатқа ие және өнеркәсіптік кооперацияға қатысуға ниет танытқан өзге де түрлі кәсіпорындармен толығып отыратын болады.

«Бұл бағдарламаның уақыты өте тығыз. Ағымдағы жылдың өзінде еліміздің Қостанай, Нұр-Сұлтан, Шымкент және өзге де қалаларында бірқатар жоба іске қосылатын болады. Біз оған үлкен сенім артып отырмыз. Ол кезінде елдеріміздің арасында болған өнеркәсіптік кооперацияны қайта жаңғыртуға септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деді Р.Скляр.



Автор: Медет Ахметов

Перевод Марлан Жиембай
Басты сөздер: Ресей,
Жоғары қарай