Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Қазақстанда медициналық есеп құжаттамасы оңтайландырылады

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 17:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасында медициналық есеп құжаттамасы оңтайландырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізу шеңберінде есептік құжаттаманың 85% астамы (155 нысанның 132-сі) электрондық форматқа ауыстырылды.

«Электрондық медициналық анықтамалар мен құжаттарға көшу Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы мен Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығына өзгеріс енгізу бойынша бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асырылды» делінген хабарламада.

Басқа ведомстволармен интеграциялау мүмкіндігінің болмауына байланысты 23 есептік нысан қағаз түрінде ( денсаулық жағдайы туралы қорытындылар, әскерге шақырылушылардың карталары, сауықтыру лагері мен санаторийлерге анықтамалар мен жолдамалар, жүкті әйелді басқа жұмысқа ауыстыру туралы дәрігерлік қорытынды, айырбастау картасы және басқалар) жүргізіледі. Медициналық құжаттаманы қағазсыз және цифрлық жүргізуге толық көшу 2022 жылға жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын оңтайландыру мақсатында медициналық есепке алу құжаттамасының 126 нысаны алынып тасталды, бастапқы медициналық құжаттама саны 44,8% қысқарды.

Жоғары қарай