Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда қызмет ақысын нотариус депозиті арқылы төлеуге болады

2019 жылдың 13 наурыз 2019 16:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда қызмет ақысын нотариус депозиті арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Айталық, сатушы мен сатып алушы мәмілеге отырды. Нотариус мәмілені растады, бекітті. Енді тіркеу керек, ондай кезде сатушы нотариустың депозитіне ақша салады. Мәміле тіркелген соң нотариус сол депозиттен сатушыға ақша төлей салады», - деді қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Қанат Базарбаев.

Әзірге бұл қызметтің құны қанша болатыны бекітілмеген.

Нотариус депозитті кез келген банкте аша алады. Әділет органы қызметкерлерінің айтуынша, төлемнің бұл түрі ақыны мерзімге бөліп төлейтіндер арасында үлкен сұраныс тудырады.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Қаржы, Алматы,
Жоғары қарай