Ауа райы
Астана 33 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Қазақстанда құжатқа қосарланған есім жазуға рұқсат берілді

2019 жылдың 3 желтоқсан 2019 12:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда құжаттарға қосарланған есім жазуға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина айтып берді.

Жаңа өзгерістер «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында көрсетілген.

«Қосарланған есім беру мәселесі қазақстандықтар арасында түсініспеушілік туғызып отыр. Яғни, бала құжатындағы әкесінің қосарланған есімі бойынша түзету енгізіліп отыр. Бұған дейін әкенің аты тек бірге жазылатын немесе қосарланған есімнің біреуі ғана берілетін. Яғни, әкесінің аты Асан-Әлі болып, дефиспен жазылса, бала құжатында Асанұлы немесе Әлиұлы не болмаса дефиссіз Асанәліұлы болып бірге жазылатын. Заң жобасында бұл мәселе қаралды және дефиспен жазуға рұқсат берілді», - деді Майра Айсина ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 2019 жылдың 7 қарашасында Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Заң жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын жетілдіру мақсатында әзірленді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Заң, Қоғам, Парламент,
Жоғары қарай