Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қазақстанда күзгі аңшылық маусымы басталды

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 20:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстанда күзгі-қысқы аңшылық маусымы ашылады және аң-құстың түріне байланысты 2020 жылдың 15 ақпанына дейін созылады.

Бұл жайында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның дерегінше, 34 сүтқоректі және 59 құстың түрін аулауға рұқсат берілген. Аңшылық республикадағы 701 аңшылық шаруашылықта өтеді.

Қазақстан аумағындағы аңшылық мерзімі Аң аулау қағидалары туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрыққа сәйкес өткізіледі.

Қыркүйектің алғашқы сенбісінен бастап аңшылық жануарлардың келесі түріне рұқсат етіледі:

- маймаққаз, қаз, қарашақаз, үйрек, қасқалдақ - 7 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін солтүстік өңірлер бойынша, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік өңірлер бойынша;

- шiл (аққұр, тундралық, сұр, дала шiлi, сақалды шiл), шіл -7 қыркүйектен 15 қарашаға дейін;

- құр – 7 қыркүйектен 30 қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақтар бойынша;

- қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа) – 7 қыркүйектен сенбісінен 30 қарашаға дейін;

- борсық – 7 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін;

- марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан – 7 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін;

- сібір тау ешкісі – 7 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін.

«Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 265 бұйрығы бойынша кәсіпшілік аң аулаудан басқа, бір аңшыға шаққанда жабайы құс пен терісі бағалы аңның бір түрін алып қоюдың тәуліктік нормасын бес дараққа дейін шектеу туралы нормасы бекітілді», - деп жазды ол.

Жоғары қарай