Ауа райы
Астана 33 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 251 науқас тіркелді

2020 жылдың 29 наурыз 2020 11:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 наурыз сағат 11:30 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласында - 16 адам, Алматы қаласында - 4 адам, Атырау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 151 адам, Алматы қаласында – 64 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам,

Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, жалпы 251 науқас тіркелді.


Жоғары қарай