Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Қазақстанда коллекторлардың өкілеттігі шектелмек

2019 жылдың 24 қазан 2019 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коллекторлық компанияларға борышкердің жақын туыстарынан басқа таныстарына байланысқа шығуына шектеу енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Қазақстан коллекторлары одағының төрағасы Юрий Лидің айтуынша, мұндай ұсыныстар қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын қорғауға бағытталған нұсқауларда қамтылған.

«Атап айтқанда, коллекторларға борышкердің жақын туыстарынан өзге таныстарына, яғни үшінші адамдарға байланысқа шығуына шектеу қарастырылған. Бұл тұрғыда борышкердің тұрғылықты жерін немесе байланыс мәліметтерін анықтау мақсатында ғана туыстарына хабарласу мүмкіндігі беріледі. Осы арқылы мерзімі өтіп кеткен қарызды сотқа дейін қайтару мақсатында коллекторларға үшінші адамдардың мазасын алуына жол берілмейді. Бұл өз кезегінде тұрғындар тарапынан шығамдарды айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді», - деді Юрий Ли Парламент Сенатындағы дөңгелек үстел отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, коллекторлық агенттіктердің міндетіне борышкермен өзара іс-қимылдың барлық процесін тіркеу ескеріліп отыр. Осы орайда дыбыс және бейне құрылдары арқылы, оның ішінде телефон байланыстарын жазып алу қарастырылған. Бұл қадам борышкерлермен байланысқа шығу кезінде құқық бұзушылықтың орын алу немесе болмауы жағдайын жеңіл анықтау үшін іске асырылмақ.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Сенат, Қоғам,
Жоғары қарай