Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда қанша тұрғын үй апаттық жағдайда

2019 жылдың 7 қазан 2019 13:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі күні елімізде 1,3 мың үй апаттық деп танылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй алудың ашықтығын және жүйелі бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету үшін кезекте тұрған адамдардың бірыңғай республикалық базасы енгізіліп жатыр. Осы базаның аясында кезекте тұрған адамдарды түгендеу жүргізіледі және олардың мәртебесі, оның ішінде табысы айқындалады, сондай-ақ меншігінде тұрғын үйдің болуы анықталады. Қандай да бір өңірде жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйге қажеттілікке талдау жасалады», - деді Б. Атамқұлов Парламент Мәжілісінде «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, 2018 жылы осы база арқылы түгендеу жүргізудің нәтижесінде 30 мың азамат кезектен алынды.

«Бүгінгі күні әкімдіктермен бірлесіп түгендеу және базаны мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларымен интеграциялау жүргізіліп жатыр»,- деді министр.

Бұдан бөлек ведомство басшысы жаңа тұрғын үй мен инфрақұрылым салумен қатар, тұрғын үй қорын жаңарту және жаңғырту жөніндегі іс-шаралар да қаржыландырылатынын жеткізді.

«Бүгінгі күні республикада 1,3 мың үй апаттық деп танылды және 18 мыңнан астам кондоминиум объектісі күрделі жөндеуді талап етеді. Жуық арадағы 2 жыл ішінде 700 үйді күрделі жөндеуге шамамен 30 млрд теңге бөлінетін болады», - деді ол.

Жоғары қарай