Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда интернет арқылы тауар сатып алатындардың саны қанша

2019 жылдың 19 наурыз 2019 11:52

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов Қазақстан аумағындағы электрондық коммерцияның жағдайына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы елімізде электрондық коммерция көлемі елеулі түрде артты. Бүгінде Қазақстанда электрондық коммерция саласында 1 700-ге тарта кәсіпкер жұмыс істеуде. Осы орайда 2019 жылы бұл кәсіпкерлер саны бірнеше есе артуы үшін белсенді іс-қимылдарды жүзеге асырудамыз», - деді С. Сәрсенов баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде интернет арқылы сатып алушылар 2, 3 миллионнан асты. Бұл көрсеткіш 2017 жылға қарағанда 18 пайызға жоғары.

«Біздің электрондық коммерцияның ішкі нарығы 300 млрд теңгеге дейін өсті. Қазақстан бойынша 35 млн сәлемдеме жіберілді, бұл көрсеткіш 2017 жылдағыдан 60 пайызға артық», - деді «Қазпошта» басшысы.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Қаржы, Интернет,
Жоғары қарай