Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қазақстанда емдік қымбат препараттар қолжетімді болады

2019 жылдың 19 мамыр 2019 15:50 650

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан С гепатитіне қарсы инновациялық препараттың ерікті лицензиясына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді Қазақстан С гепатитіне қарсы Софосбувир, Ледипасвир және Велпатасвир сынды қымбат дәрілердің түпнұсқасын ғана емес, генерикалық препараттардың баламасын сатып алады. Патент иесі бұған рұқсат берді.

«Еліміз аталған лицензияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Gilead фармкомпаниясы арасындағы меморандум аясында қол жеткізді. Тараптар құжатқа қол қойды. Бұл келісім Қазақстанның С гепатитіне қарсы арзан әрі сапалы дәрі сатып алуына мүмкіндік береді. Осылайша, еліміздегі науқастарға С гепатитін емдейтін инновациялық препарат қолжетімді болып отыр. Егер бұрын Софосбувир, Ледипасвир және Велпатасвирдің құны мың долларға дейін жетсе, қазір оның бағасы 100 доллардан төмендейді. Ал аталған дәрілерді пайдаланған пациенттердің  90 пайызы ауруынан айығады», - делінген ҚР ДСМ мәліметінде.

Айта кету керек, елімізде 2018 жылға дейін  вирусты С гепатитін жұқтырған науқас төрт түрлі препарат пайдаланып келді. Ал әр пациенттің  бір реттік емдік курсына 5 мың 800 доллар жұмсалатын.

ТМККК аясында біріңғай дистрибьютормен келісімнің  және БҰҰ Даму бағдарламасы аясында былтырдан бері еліміздегі науқастар Софосбувир және Даклатасвир генерикалық препаратымен емделеді. Бұл препараттармен белгіленген бір курстық ем үш айға созылады. Арнайы келісімнен кейін  Қазақстанда вирусты С гепатитін жұқтырып тіркеуде тұрғандарды   тегін дәрімен қамту үшін генерикалық дәрінің емдік курсы 86 доллар болады.  Сөйтіп, қазынадан қаралған 1,5 млрд теңгеге осы ауру бойынша  диспансерлік тіркеудегі пациенттің бәріне жетеді.

«2018 жылы 4 мың 204 науқас ем алды. Биыл еліміздегі медициналық мекемелерде 476,6 млн теңгеге Софосбувирдің 41 663 орамы берілді, ал бүгінде 6 мың 343 пациент ем алды.  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен  Gilead компаниясы арасындағы меморандум арқасында  қымбат препараттар қолжетімді болады», - деп атап өтілген ведомство хабарламасында.

 

 

Жоғары қарай