Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда электронды билет сату 8 есеге өсті

2019 жылдың 23 сәуір 2019 09:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жолаушылар пойызына электронды билет сату 8 есе өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалына» сілтеме жасап хабарлайды.

Электронды билет сатып алу өте қолайлы. Бұл тұста жолаушы кассада кезекте тұрмай интернет желісі арқылы үйде не болмаса офиста отырып керек бағыттағы жол жүру билетін сатып ала алады.

2014 жылы қазақстандықтар интернет арқылы 2 545 718 млн билет сатып алса, келесі жылы бұл көрсеткіш 6,7 млн-ға дейін өсті. 2016 жылы 11,6 млн билет сатылса, 2017 жылы ғаламтор арқылы 14,8 млн жолаушы жол жүру құжатын алған.

2018 жылы интернет арқылы 16 264 373 млн билет сатылды.

Естеріңізге сала кетейік, EPAY.RAILWAYS.KZ арқылы билет алсаңыздар комиссия ұсталмайды.

Ұлттық тасымалдаушы жол билеттерін тек аталмыш сату орындарында алуларыңызды сұрайды. Егер де заңсыз билет сатқан фактілерге тап болсаңыз - міндетті түрде жол торабындағы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлеріне шағымдануға болады.

Басты сөздер: Цифрлық Қазақстан, Қоғам,
Жоғары қарай