Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қазақстанда экспорт-импорт операциялары бойынша «Бірыңғай терезе» ашылады

2019 жылдың 20 наурыз 2019 14:09 1563

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 наурызда экспорт-импорт операциялары бойынша «Бірыңғай терезе» порталы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 27 наурызынан бастап экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталы пайдалануға енгізіледі. Жоба ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясымен жүзеге асырылуда», - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз хабарламасында.

«Бірыңғай терезе» порталының көмегімен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар экспорттық-импорттық операцияларға қажетті ақпаратты бірыңғай өткізу арнасы арқылы стандартты түрде ала алады. Сонымен бірге портал тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті алдын-ала ақпараты алу мүмкіндігін ашады.

«Бірыңғай терезе» арқылы электронды рұқсат құжаттарын және лицензияларды алу, кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мәртебесін алу бойынша электронды қызмет, электрондық кедендік декларация, кедендік алдын ала шешімдерді беру бойынша электрондық қызмет, интеграцияланған кедендік тариф, анықтама және тізім құжаттары, нормативті құқықытық құжаттарды қарау және іздеу қызметтерін алуға болады.

«Бірыңғай терезе» порталынның ресми мекенжайы - www.eokno.kgd.gov.kz. Портал жұмысына қатысты барлық қосымша сұрақтар бойынша +7 775 732 73 71 нөміріне Telegram арқылы хабарласуға болады.

 

 

 

Жоғары қарай