Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Қазақстанда Джейсон Борн агенті туралы фильм түсірілуі мүмкін

2019 жылдың 20 маусым 2019 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстанда Джейсон Борн агенті туралы фильмнің түсірілуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Джейсон Борн агенті («Трэдстоун» телесериалы) туралы трилогияның приквелін Қазақстанда түсіру мүмкіндігі туралы NBS Universal-мен келіссөздер жүріп жатыр. Сонымен қатар, елімізге «Universal Pictures» өкілдері мен Джей Футлик келіп, «Форсаж» фильмінің эпизодтарына локацияны зерттеу үшін және басқа да байланыстарды талқылады», - деді министр бүгін халықпен есептік кездесуінде.

Кино саласындағы саясат туралы айта келе, статистика бойынша, тек өткен жылы ғана қазақстандық картиналарды көрушілердің саны 30,5 пайызға артқанын жеткізді. Соңғы он жыл ішінде ұлттық прокатта қазақстандық картиналардың үлесі 10 есеге өсті.

«Осы көктемнің елеулі оқиғасы - режиссер Фархат Шариповтың «Тренинг личностного роста» атты қазақстандық картинасы 41-ші Мәскеу халықаралық кинофестиваліндегі жарқын жеңісі болды! Бұл әлемдегі беделді және әйгілі фестивальдердің бірі. Гран-приге ие болған біздің қазақстандық режиссерімізді Акира Курасава, Федерико Феллини, Джордж Данелия, Сергей Бондарчук, Криштоф Занусси сияқты әлем режиссерлерімен қатарлас қойды», - деді А. Райымқұлова.

Жоғары қарай