Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Қазақстанда донорлыққа келісім электронды денсаулық паспортында көрсетіледі

2019 жылдың 29 шілде 2019 14:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Электронды денсаулық паспортына донорлық туралы арнайы баған енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«Емханаға тіркелерде Сіздің қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісіміңіз сұралады. Егер бас тартсаңыз, жауабыңыз электронды құжатта көрсетіледі. Өткен аптада таныстырған электронды денсаулық паспортында бұл туралы арнайы баған болады. Жыл соңына дейін бұл мәселе шешіледі», - деді Е. Біртанов министрлік алқасының кеңейтілген отырысы барысында журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, донорлықтан бас тарту үшін адамдар емханаға арнайы келуі тиіс.

«Адамдар емханаға арнайы келіп, донорлықтан бас тартуын тіркетуі тиіс. Ұзақ уақытқа сақтап қою үшін қағаз құжат та міндетті түрде болады. Бірақ, марқұмның туыстары дау шығарады. Бұл жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет деп ойлаймын. Әрине, біздің менталитет, дәстүр, психология үшін бұл оңай емес. Бірақ жұмыс істеу қажет», - деді министр.

Жоғары қарай