Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 367.06
EUR 416.17
RUB 5.56
CNY 52.84

Қазақстанда бензин өндірісінің көлемі артты

2018 жылдың 14 тамыз 2018 09:02 775

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында бензин шығару көрсеткіші 2123,3 мың тоннаға жетіп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,1 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есеп кезеңінде 162 мың тонна керосин (өткен жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғандағы өсім 12 пайыз), 1458,5 мың тонна сұйытылған пропан және бутан (+6,6 пайыз), 2667,3 мың тонна газойль (-0,5 пайыз), 1713,8 мың тонна мазут (-5,8 пайыз) өндірілді.

Сондай-ақ 1192,1 мың тонна ферроқорытпа (+5,2 пайыз), 1738,3 мың тонна жазық прокат (+7,2 пайыз), 88,6 мың тонна тазартылған қорғасын, (+2,3 пайыз), 192,3 мың тонна мырыш (+1,5 пайыз), 238,2 мың тонна тазартылған мыс (-3,5 пайыз) өндірілген.

 

 

Жоғары қарай