Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Қазақстанда бензин мен дизель отыны өндірісі артты

2019 жылдың 14 қазан 2019 12:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жыл ішінде бензин өндірісінің көлемі - 13, ал дизель отыны - 9 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі EnergyProm-ға сілтеме жасап.

Жыл ішінде бензиннің орташа бөлшек саудадағы бағасы 47 пайызға төмендеді. Атап айтанда, ең өтімді АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі жанармай құю стансаларында 5,4 пайызға арзандап, 146,7 теңге дейін төмендеді. АИ-95 және АИ-96 маркалы бензиндер 3,7 пайызға арзандап, 1 литрі 169,4 теңге болды. Ал дизель отыны керісінше қымбаттады. Мәселен, жазғы дизельдің 1 литрі 0,9 пайызға көтеріліп, 193,1 теңгеге жетіп отыр. Қысқы дизель болса 2018 жылдың сәуірі мен 2019 жылдың сәуірі аралығында 23 пайызға қымбаттап, литрі 259,3 теңгеден асып кетті.

Осы жылы бензин, сонымен қатар авиациялық керосин мен дизель отынының өндірісі де арта түсті. 2019 жылдың қаңтар-тамызында 2,8 млн тонна бензин, 3,3 млн тонна дизель отыны өндірілді. Павлодар, Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары өндірілген бензиннің 99 пайызын, дизель отынының 97 пайызын шығарып отыр.

Павлодар зауыты - 1,2 млн, Атырау зауыты - 1 млн тоннадан астам, Шымкент зауыты - 1 млн тонна дизель өндірді. Ал Шымкент зауыты - 1,2 млн, Павлодар зауыты - 875,3 мың, Атырау зауыты - 696,5 мың тонна бензин шығарған.

Жоғары қарай