Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда бала психикасына кері әсер ететін 800-ге жуық сайт бұғатталды

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 16:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі балалар мен жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерден қорғау бағытында жүргізіліп жатқан шаралармен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде тыйым салынатын интернет-ресурстарды анықтауға қатысты министрлік тиісті шараларды жүргізіп жатыр. Оның ішінде балалардың дамуы мен психикасына әсер ететін сайттар да бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің атынан әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашып, заңсыз және балаларға қарсы қылмысқа итермелеуге бағытталған контенті бар интернет-ресурстарды айқындауға кірістік. Жыл басынан бері интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу арқылы 6 мыңға жуық порнографиялық сайт анықталған. Нәтижесінде оның 800-ге жуығы бұғатталды», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзіне сенсек, елімізде кәмелет жасына толмағандардың өліммен аяқталатын қылмыстарды жасау көрсеткіші 62% азайған.

«Бүгінде мектептерде 2 мыңнан астам тәртіп сақшысы балалармен жұмыс істейді. Еліміз бойынша 7 мыңнан астам мектеп бар. Осы орайда бізге балалар және жасөспірімдермен жұмыс істейтін тағы 2 мыңдай полицей керек. Сондай-ақ, біздің мамандар балалармен қатар, олардың ата-анасымен де тікелей жұмыс істейді», - деді ол.

Жоғары қарай