Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 375.95
EUR 425.80
RUB 5.74
CNY 55.94

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

2019 жылдың 19 қаңтар 2019 19:55 768

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бала асырап алу бойынша мемлекеттік емес агенттік құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 28 қарашада өткен Азаматтық форумда «Ана үйі» қоғамдық қоры негізінде бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттік құру, оны регламенттеу және оның қызмет атқаруын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай, Білім және ғылым министрлігі арнайы жұмыс жүргізуде.

«Аталған тапсырманы орындауға қатысты ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Жоғарғы сот, Бас прокуратура, әділет, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қоғамдық даму министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді. Сонымен қатар, бала асырап алу жөніндегі осы сияқты агенттіктердің жұмысы бойынша халықаралық тәжірибе зерделенді. Осылайша, жұмыс тобының мүшелерінен бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттіктерді құру туралы ұсыныстар келіп түсіп жатыр» делінген хабарламада.

Осы агенттіктердің жұмысы жөніндегі барлық ұсыныстар жұмыс тобының отырысында талқыланады.

 

 

Жоғары қарай