Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Қазақстанда азық-түлік бағасын бақылайтын сайт құрылады

2019 жылдың 20 тамыз 2019 13:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізетін онлайн платформа құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған кез келген тұрғын әлеуметтік маңызы бар тауар фотосуретін жібере алуы тиіс.

«Қазіргі уақытта Статистика комитеті әр сейсенбі күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қолмен жинақтайды. Ресми статистикалық деректер әр бейсенбі күні жарияланады. Ал дамыған елдерде бағаны мониторингтеуге халық қатысады. Яғни, кез-келген азамат тауар бағасын суретке түсіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сайтына жібере алады», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, аталған жүйе арқылы аймақтардағы және нақты дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын онлайн режимде бақылауға болады.

«Сіздің қолдауыңызбен біз осы жүйені құруға және оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қосуға дайынбыз», - деп Сұлтанов ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге.

Өз кезегінде Үкімет басшысы министрліктің онлайн-платформа туралы ұсынысын мақұлдады.

Жоғары қарай