Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 3,7%-ға артты

2019 жылдың 18 маусым 2019 12:16 833

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың алғашқы 5 айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 3,7%-ға ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, бұл аралықта тамақ өнімдерін өндіру 1,2%-ға, сусын өндіру - 18,9%-ға өскен.

«Ауыл шаруашылығы өнімдеріне инвестиция тартуда жақсы өсім байқалады. Жыл басынан бері мұнда 124,3 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл көрсеткіш өткен жылғы деңгейден 52,2%-ға көп. Өткізу нарықтарын кеңейтуде қабылданған шаралар агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттауды 11,2%-ға арттырып, тек қана 3 айдың ішінде 900 млн АҚШ долларына жеткізуге мүмкіндік берді», - деді министр Қазмедиа орталығында халыққа есеп беру кездесуінде.

Сонымен бірге, мал шаруашылығында жалпы өнім көлемі 3,6%-ға өскен.

«Мұндай өсімге «Сыбаға», «Алтын асық» және «Ырыс» бағдарламаларының сәтті іске асырылуы ықпал етті. Биылғы 5 айдың өзінде бұл бағдарламалар бойынша 41,8 мың ірі қара мал сатып алуға - 254 шаруашылыққа, 132,1 мың бас аналық ұсақ малды сатып алу үшін - 340 шаруашылыққа кредит берілді. «Ырыс» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері жалпы 2000 малы бар 3 тауарлық сүт кешені пайдалануға берілді», - деді министр.



null 

 

Жоғары қарай