Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Қазақстанда ауруханалар құрылысына шетелдік инвестициялар тартылады

2019 жылдың 12 маусым 2019 10:30 1218

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелдік компаниялар Түркістан және Петропавл қалаларында медициналық мекемелер салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.  

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын іске асыру және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты.

Петропавл қаласында консультативтік-диагностикалық орталығы бар 500 төсек-орындық көпбейінді облыстық аурухана құрылысының жобасы туралы құжатқа Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов пен «YDA Holding» түрік компаниясының басқарма төрағасы А. Хусейн қол қойды. Аурухана кешені 7 көпбейінді, тозған және бөлек-бөлек нысандардың орнына салынатын болады.

null 

Тағы бір көпбейінді аурухана Түркістан қаласында салынады. Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, «BI-Holding» компаниясы консорциумы бақылаушы кеңесінің төрағасы  А. Рахымбаев және «YDA Holding» түрік компаниясының басқарма төрағасы А. Хусейн 610 төсек-орындық көпбейінді облыстық медициналық орталық құрылысының жобасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. Ауруханада онкологиялық және кардиологиялық бөлімдер, перинатальді орталық, жедел медициналық жәрдем станциясын және т.б ашу көзделген. Нысан құрылысын 2022 жылы аяқтау жоспарланған.

Құрылысқа, екі медициналық нысанды жабдықтауға  тартылатын инвестициялардың жалпы көлемі 50 млрд теңеге жуық соманы құрайды.

null 

Айта кетейік, бұл жобалар денсаулық сақтау инфрақұрылымдарын дамытудың өңірлік перспективалы жоспарлары аясында іске асырылады.  

Инвестор компанияның басқарма төрағасы А. Хусейн атап өктендей, Қазақстандағы инвестициялық ахуал қолайлы және инвесторлар үшін жобаларды жүзеге асыруына барлық жағдайлар жасалған.

Қабылданып жатқан шаралар еліміздің аурухана секторының инфрақұрылымын жаңартып, ішкі сұранысты қанағаттандырып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын, қолжетімділігін және уақыттылығын арттырады, сондай-ақ Орталық Азия мен ТМД елдері үшін медициналық туризм орталығына айналуға мүмкіндік береді.

Басты сөздер: Құрылыс, ҚР Үкіметі, Медицина,
Жоғары қарай