Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда ата-аналарға арналған YouTube-канал ашылды

2019 жылдың 20 сәуір 2019 14:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға арналған Parents KZ атты YouTube-каналына білім және балалардың құқықтарын қорғау туралы материалдар жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті ата-аналар! YouTube-каналында білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау туралы бейнематериалдар жарияланған. «Ойнату тізіміне» басу арқылы сіз мазмұнымен танысып, қызықтырған кез келген бейнеролик, сюжеттерді көре аласыз. 24 сағат бойы барлық контент тікелей эфирде жүргізіледі. Бұл каналды барша таныстарыңызбен бөліссеңіздер болады. Бейнероликтеріміз сіздерге пайдалы әрі қызықты болады деп үміттенеміз» деп мәлім етті қазақстандық ата-аналар қауымдастығы мен Білім және ғылым министрлігі.

Жоғары қарай