Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қазақстанда алғаш рет «Нан күні» өтті

2019 жылдың 16 қазан 2019 21:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 қазан күні Қазақстанда алғаш рет «Нан күні» аталып өтті. Бұл атаулы күн 2019 жылғы 16 қыркүйектегі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты базасында салтанатты іс-шара өтті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Марат Оразаев құттықтау сөз сөйлеп, нан комбинатының еңбеккерлерін марапаттады.

Жыл сайын республиканың 700-720 мың тонна нан өндіріледі, бұл өз өндірісі есебінен елдің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.




Нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер экспортының көлемі 11,7 мың тоннаны, импорт - 75,7 мың тоннаны құрады. Жалпы, 2018 жылы 800,8 мың тонна нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер тұтынылды, импорт үлесі – ішкі тұтынудың жалпы көлемінің 9,4%-ы.

Нан өндірушілер халықтың нанға деген сұранысын қанағаттандырумен ғана емес, сонымен қатар нарықта сұраныстың болуына байланысты шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтумен де айналысады: бұл негізінен нан-тоқаш, ұзақ және аз мерзімге сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер.




АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын АӨК субъектілері (оның ішінде нан өндірушілер) үшін мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көзделіп отыр:

- айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі оны теңгемен жылдық 5 % (бес) % - ға, негізгі құралдарды сатып алуға-теңгемен жылдық 10% (он) % - ға төмендету жолымен субсидияланады. Субсидияларды беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген;

- нан өндіруге есептелген ҚҚС сомасын 70% - ға азайту.




Сондай-ақ, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесіне субсидиялаумен несиеленетін бағыттар тізіміне «нан өндірісін» енгізу мәселесі қарастырылуда.



















Жоғары қарай