Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда алаяқтыққа жол беретін туроператорлардан сақтану шаралары күшейтілмек

2019 жылдың 10 қазан 2019 17:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев туристік сапарларда қазақстандықтардың құқығын қорғауды күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туристік бизнесті реттеу мақсатында министрлік шетелге сапарлау туризмі саласында азаматтар құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қолданыстағы тетігін жетілдіруді ұсынады. Заң жобасының осы бөлігінде азаматтарды қорғау деңгейін көтеру бойынша шаралар кешенін ұсынып отырмыз», - деді Ө. Бисақаев Парламент Мәжілісінде «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыра отырып.

Оның сөзіне қарағанда, нарықта қызмет көрсететін кейбір туроператорлар міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамауына байланысты заңнамаға түзетулер енгізу қажеттігі туындады.

Вице-министрдің пайымынша, қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған туристік саладағы субъектілер үшін лицензияны тоқтату тұру бойынша тетіктік жоқтығы осы салада азаматтардың құқықтарына толықтай кепілдік беруге мүмкіндік жасамайды.

«Атап айтқанда, жазасыздықты сезініп жүрген кейбір туроператорлар туристерге қиянат жасап жүргенін атап өткен жөн», - деді ол.

Жоғары қарай