Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Қазақстанда АҚШ тәжірибесіне ұқсас IPR Center құрылады

2019 жылдың 14 маусым 2019 10:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірыңғай үйлестіру орталығы (IPR Center) инвесторларға жайлы жағдай жасау үшін жұмыс атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инвестиция тарту Үкіметтің алдындағы басты міндеттердің бірі. Қазақстанда өз жобаларын іске асыруға үміттенген инвесторлар меншік құқықтары, оның ішіндегі зияткерлік меншікке құқығы қорғалатынына сенімді болуы керек. 2018 жылдың 20 маусымында зияткерлік меншік саласында заң қабылданды. Заңның негізгі жаңашылдығы: зияткерлік меншік нысандарын бір сатылық тіркеу жүйесін құру, тауар таңбаларына құқықтар бұзылған жағдайда зиян үшін өтемақы төлейтін институт енгізу, авторлық құқықты электронды тіркеу, тіркеу мерзімін 20 жұмыс күнінен 1 күнге дейін қысқарту болып отыр», - деді Әділет министрі Марат Бекетаев елордада халықпен есеп беру кездесуінде.

Марат Бекетаевтың айтуына қарағанда, аталған шаралар қолайлы инвестициялық климатты қалыптастырып, өнертапқыштардың инновациялық белсенділігін арттыруда.

«Осылайша, Ұлттық зияткерлік меншік институты өз қаражаты есебінен ЭКСПО аумағынан жаңа ғимарат алды. Астана-Хабта фронт-кеңсе ашылды. Америка Құрама Штаттарының тәжірибесі бойынша IPR Center құру жоспарлануда. АҚШ-тың ол Бірыңғай үйлестіру орталығына 19 федералды ведомство мен 4 халықаралық ұйым кіреді. Бұл жедел ақпарат алмасуға, құқықбұзушылыққа уақтылы шек қоюға, уәкілетті ведомство қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ықпал етеді», - деді Марат Бекетаев.

Жоғары қарай