Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Қазақстанда 8 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 7 тамыз 2019 19:35 203

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 8 тамызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.55-те теле-радио арналарды ұстап қалумен, электродабылдарын қосу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі.

Сағат 11.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 11.00-де Министрліктер үйінің 13-ші кіреберісінде қызметтік «Е-заңнама» бағдарламалық өнімінің таныстырылымы өтеді. Таныстырылымды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ұйымдастырады. «Е-заңнама» заңнама салаларына кешенді түрде талдау жүргізу тиімділігін арттыруға, заң жобаларының электронды түрде қолданыста болуын автоматтандыруға, шығармашылық процесін оңтайландыруға бағытталған.

Сағат 12.00-де Үкімет үйінде «Көлеңкедегі экономика деңгейін төмендету» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер ретінде ҚР Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев баяндама жасайды.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Жоғары қарай