Ауа райы
Астана -27 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 334.85
EUR 394.29
RUB 5.69
CNY 50.60

Қазақстанда 8,57 млн тонна астық бастырылды

2017 жылдың 4 қыркүйек 2017 19:22 787

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауылшаруашылық дақылдарын жинау жөніндегі жедел ақпаратқа сәйкес, 2017 жылдың 4 қыркүйегіне дейін Қазақстанда 8576,8 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР АШМ ақпаратына сілтеме жасап.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметіне сәйкес, 6785,2 мың гектар аумақта егін жиналды. Бұл - өңірлердің астық орылатын аумақтарының 44,7 проценті. Орташа түсім гектарына 12,6 центнерді құрап отыр.

2016 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырсақ: былтыр осы уақытта 4883,7 мың гектар аумақ игеріліп (немесе барлық аумақтың 32,1 проценті), 7148,7 мың тонна астық бастырылған. Орташа түсім гектарына 14,6 центнерді құрады.

2017 жылы егін жинау аумағы 15 165,1 мың гектарды құрайды, 2016 жылы 15 203,9 мың гектар болған еді.

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Ауыл шаруашылығы, ҚР АШМ,

Пікір қалдыру

Жоғары қарай