Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қазақстанда 4 мың түрлі дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітілді

2019 жылдың 9 тамыз 2019 15:18 148

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар дәрі-дәрмектің шекті бағасын бірнеше ақпарат көзінен біле алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз заңнаманы жетілдіру бағытында негізгі жұмысты жүргіздік. Атап айтқанда, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың айналымы бойынша жұмыс ретке келтірілді. Өздеріңіз білетіндей, дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасын реттеу құзыреті Денсаулық сақтау министрлігіне беріліп, бағаны реттеу ережелері бекітілген болатын. Қазіргі уақытта көтерме-бөлшек сауда кезінде дәрі-дәрмектің 4 мың түрі бойынша шекті баға бекітілді», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, дәрі-дәрмектің шекті баға бойынша тізімін Денсаулық сақтау министрлігінің, комитеттің, аумақтық департаменттердің, Ұлттық сараптау орталығының сайтынан және «DDari.kz мобильді қосымшасынан білуге болады.

«Яғни, осы ақпарат көздерінен 4000 түрлі дәрі-дәрмектің бекітілген бағасын білуге болады. Өндірушілердің бәрі баға бойынша өтінімін беріп үлгерген жоқ. Сол себепті, осы айдың соңына дейін тағы 1500 дәрі-дәрмек түрінің шекті бағасы бекітіледі», - деді Людмила Бюрабекова.

Жоғары қарай