Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қазақстанда 30 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 29 сәуір 2019 20:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 30 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.30-да «Hilton Garden Inn» қонақ үйінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, «Балаларға арналған әділет: қатынастар мен қызметтерді жетілдіру» тақырыбында жиын өткізеді.

Сағат 10.00-де жергілікті атқарушы органдардың барлық өңірлердегі өкілдері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық iKOMEK109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығына келеді.

Сағат 10.30-да Ritz-Carlton қонақ үйінде «Көптілді әлемдегі орыс сөзі» атты орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің халықаралық қауымдастығының XIV съезі басталады.

Сағат 11.00-де «Samruk-Aqparat» баспасөз орталығында «Медициналық пойыздар» жобасының басталуына орай баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 74 жылдығына орай «Отан үшін соғысқан» ерлік сағаты өтеді.

Сағат 12.00-де Sputnik Казахстан мультимедиялық баспасөз орталығында «Жасыл офис» жобасының басталуы туралы» баспасөз брифингі өтеді.

Сағат 12.00-де «Radisson» қонақүйінде Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асу барысын қадағалайтын Қоғамдық кеңестің жиыны өтеді.

Сағат 12.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында Санкт-Петербург мемлекеттік театр және музыкалық өнері музейінің қорынан «Құрсауда қалған виолончель» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 13.00-де екі мемлекеттің Білім және ғылым министрліктері арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі, сондай-ақ екі ел Сыртқы істер министрлерінің БАҚ өкілдеріне арналған брифинг ұйымдастырылады.

Сағат 13.30-де Хорватияның Қазақстандағы Елшілігінің ашылу рәсімі (Нұр-Сұлтан қ., Космонавтов көшесі, 62) басталады.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Жастар жылына орай және Қазақстан халқы бірлігі күніне орай, Маусымашар форматында «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен арнайы мамандандырылған «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері арасында «Жайдарлы Жас сарбаз» Жайдарман ойындары өткізіледі.

Сағат 15.00-де «Адвокаттар әділ сайлау үшін» ҮЕҰ кеңсесінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауға үміткерлерді ұсынуды аяқтауға арналған баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сағат 15.00-де «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында #NurOtan Pikir пікірталас алаңының кезекті отырысы өтеді.

Сағат 19.00-де The Ritz Carlton Astana қонақ үйінде Жәния Әубәкіровамен кездесу өтеді. Кездесу барысында атақты пианистің «Вариации на тему...» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам, Басқа меморгандар,
Жоғары қарай