Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қазақстанда 29 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 28 қазан 2019 20:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 29 қазан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев және Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне барады.

10.20-да ҚР Парламенті Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ҚР кейбір заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» кеңейтілген отырысы өтеді.

11.00-де Кәсіподақтар федерациясында «Yntymaq» шағын және орта бизнес кәсіпкерлері одағы мен «Citylife» халықаралық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.

14.30-да Назарбаев Университетінде зілтемірші, Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған ауыр атлетикадан республикалық турнир ашылады.

15.00-де Назарбаев Университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Social Assembly» республикалық жастар форумы өтеді.

15.00-де «Достық үйінде» «Астана - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында «Жол үстіндегі қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында З.Наурызбаева мен Л.Калаустың «Бату мен оның Барсакелмес еліндегі достарының оқиғалары» кітабының тұсаукесері өтеді.

16.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Отырыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы талқыланады.

19.00-де «Наз» мемлекеттік би театрында «Жиырма жылдық би ғұмыр» атты мерейтойлық концерт өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де «Қазақстан» қонақ үйінде «II Орталық Азия диалогы: Түрмедегі тұрғындардың санын азайту және пробация қызметін дамыту» халықаралық конференциясы өтеді. Оған түрме қызметтері өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар, халықаралық ұйым өкілдері мен сарапшылар қатысады.

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысының Алматы қалалық филиалы «Жоғары құқықтық мәдениет - қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың басты шарты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

12.00-де «Спартак» стадионында Мұхтар Әуезов атындағы кубок үшін ардагерлер мен жастар арасында Халықаралық футбол турнирі өтеді.

19.00-де Ықылас атындағы халықтық музыкалық аспаптар музейінде «Алтын қалам 2019» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Аймақ, БАҚ,
Жоғары қарай