Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.48
EUR 428.98
RUB 6.05
CNY 54.93

Қазақстанда 28 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 19:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 қыркүйек күні өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де «Хан Шатыр» сауда орталығының жанында Шығыс Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Сағат 09.30-да Нұр Сұлтан Оқушылар сарайында X Республикалық «WIR SIND ZUSAMMEN-2019» фестивалінің гала-концерті өтеді.

Сағат 12.00-де елордалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында «Қазақтың ұлттық мұрасы» атты байқау өткізеді.

Сағат 18.00-де «QAZAQSTAN» ОКЗ камералық залында халықаралық байқаулардың лауреаты, «Forte Trio» мемлекеттік триосының солисі Динара Базарбаева-Сахаманның концерті өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «Сарыарқа» кинотеатрында әйелдер құқығына арналған митинг өтеді. Әйелдер мен бойжеткендер дискриминация, теңсіздік пен әйелдерге деген зорлық-зомбылық мәселелерін көтермек.

Сағат 12.30-да «Алматы Аренада» Coke'N'Music фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай