Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Қазақстанда 26 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 25 қазан 2019 20:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 26 қазан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де республикалық «Жас Ұлан» мектебінің спорт кешенінде журналист Галина Полеваяны қолдауға арналған қайырымдылық турнир өтеді.

Сағат 11.00-де Назарбаев Университеті алдыңғы жылдардағы түлектерін біріктіретін үшінші кездесуі өтеді.

Сағат 12.00-де Оқушылар сарайының жүлдесіне арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық жарыс өтеді.

Сағат 14:00-де елордалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдық мерейтойы аясында «Дәуір және тұлға» атты халықаралық ғылыми-ағартушылық жобасының кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Біз біртұтаспыз!» атты IV Халықаралық украин халықтық өнер фестивалі өтеді.

Сағат 18.00-де «Астана операда» «Корсар» балеті қойылады.

АЛМАТЫ

Сағат 13.00-де «Цезарь» кинотеатрында режиссер Бекарыс Елубаевтың «Бала Қашық» фильмінің премьерасы өтеді. Балаларға арналған фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген. Шоудан кейін түсірілім тобының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театрында «ХХІ ғасыр жұлдыздары» халықаралық фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Журналистердің баспасөз конференциясынан кейін Санкт-Петербург пен Берлиннен келген қонақтардың қатысуымен «Аққу көлінің» балеттік қойылымы басталады.

Сағат 16.00-де Республика сарайында жоба авторы - «Жандану әлемі» қорының негізін қалаушы Әлия Назарбаеваның, Мәдениет және спорт министрі Ақтота Райымқұлованың, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының IY маусымының қорытынды концерті және марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 17.00-де Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Жарыс аясында танымал қазақстандық боксшылар мен АҚШ, Қытай және Еуропа елдерінің өкілдерінің қатысуымен 9 жекпе-жек өтеді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай