Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Қазақстанда 23 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 22 сәуір 2019 21:10 799

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агентігі Қазақстан қалаларында 23 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

9.00-де Тәуелсіздік сарайында Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның кезектен тыс XIX Съезі өтеді.

14.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж. Жабаев атындағы залында «Ұшқын» студенттік киносының II Халықаралық кинофестивалі салтанатты түрде ашылады.

16.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық» ашық шығармашылық қалалық байқауы өтеді.

17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасуына арналған қор көрмелерінің ашылуы өтеді.

19.00-де «MEGA Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығында Қазақстандағы Франкофон көктемінің аясында француз авторы Жак Ортэнің тікелей қатысуымен «Жак пен Билдің Қазақстандағы оқиғалары» комиксі таныстырылады.

АЛМАТЫ

12.00-де «МЕЛОМАН «GRAND» дүкенінде «Алтын қалам - 2019» әдеби байқауы аясында «Үздік баспагер», «Жылдың үздік дебюты», «Кiтап like (Оқырман таңдауы)», «Әлеуметтік маңызы бар үздік кітап», «Жылдың үздік меценаты» аталымдарының жеңімпаздары марапатталады.

14.30-да «Форум» сауда-ойын-сауық орталығында Алматыда тұңғыш рет өтетін скандинавиялық жүру бойынша Almaty Nordic Walking Fest халықаралық жарысы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

16.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында әнші-композитор, халық ақыны Кенен Әзірбаевтың 135 жылдығына арналған мерекелік шара өтеді.

ТҮРКІСТАН

10.00-де Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Түркістан - түркі әлемінің бесігі» атты Түркі кеңесі түркі университеттері  одағының ІҮ Бас ассамблеясы, Түркі Кеңесі жас көшбасшыларының ІІ форумы және Түркі халықтары этноөнер фестивалі өтеді.

15.00-де Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді. Кеңесте Сайрам аудандық полиция бөлімінің тарапынан кәсіпкерге көрсетілген кедергілер туралы мәселелер қаралады.

ҚЫЗЫЛОРДА

10.00-де Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күнінен арналған «Kitap Fest» кітап фестивалі өтеді.

 

 

 

Жоғары қарай